Жеткізу және төлем
Төлемдер
Біздің сайт интернет-эквайринге қосылған және Сіз Visa немесе Mastercard банк карталарымен төлем жасай аласыз. Таңдалған тауарды немесе қызметті растағаннан кейін Банк ЦентрКредит АҚ төлем парағы бар қорғалған терезе ашылады, онда Сізге банк картасының деректерін енгізу қажет. Карта ұстаушысының қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure протоколы қолданылады. Егер сіздің Эмитент банкіңіз осы технологияны қолдаса, Сіз қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне бағытталасыз. Қосымша сәйкестендіру ережелері мен әдістері туралы ақпаратты Сізге Банк картасын шығарған Банктен тексеріңіз.

Онлайн төлем қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес төлемнің құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады, бұл үшін жабық байланыс арналары арқылы деректерді тексеру, шифрлау және берудің ең өзекті әдістері пайдаланылады. Банк картасының деректерін енгізу Банк ЦентрКредит АҚ төлем бетіндегі қорғалған терезеде жүзеге асырылады.

Төлем бетіндегі өрістерге карта нөмірін, карта иесінің атын, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (Visa үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті деректер банк картасының бетінде көрсетіледі.

CVV2 / CVC2 — картаның артқы жағында орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды.

Содан кейін сол терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін Сіздің банк-эмитент беті ашылады. Егер Сізде статикалық 3-D Secure орнатылмаған болса, ол сіздің телефон нөміріңізге SMS арқылы жіберіледі. Егер 3-D Secure коды сізге келмесе, онда Сіз эмитент банкіңізге хабарласуыңыз керек.

3-D Secure — бұл интернет желісіндегі карталар бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Операцияны жүзеге асыратын карта ұстаушының түпнұсқалығын біржақты анықтауға және алаяқтық карта операцияларының қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік кепілдіктері
Банк ЦентрКредит АҚ Сіздің банктік картаңыздың деректерін PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша қорғайды және өңдейді. Ақпаратты төлем шлюзіне беру SSL шифрлау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты одан әрі беру банктік сенімділігі ең жоғары деңгейдегі жабық желілер арқылы жүзеге асырылады.

Банк ЦентрКредит АҚ сіздің картаңыздың деректерін бізге және өзге де үшінші тұлғаларға бермейді. Карта ұстаушысының қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure протоколы қолданылады.

Егер Сізде жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, төлем сервисінің клиенттерді қолдау қызметіне arunaz_atelier@mail.ru
электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз.
Онлайн төлем қауіпсіздігі
Сіз ұсынатын жеке ақпарат (аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, E-mail, несие картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмейді.

Сіздің несие картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің веб-серверде сақталмайды. Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне Банк ЦентрКредит АҚ кепілдік береді. Төлем карталарының барлық операциялары VISA International, MasterCard және басқа төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпаратты беру кезінде онлайн-карточкалық төлемдер қауіпсіздігінің мамандандырылған технологиялары пайдаланылады, деректерді өңдеу процессингтік компанияның қауіпсіздігі жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.

Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:
  • Авторизация жүйесі сатып алушыға оның төлем картасының төлем деректемелері (нөмірі, жарамдылық мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспеуін қамтамасыз етеді, өйткені бұл деректер авторизация серверінде сақталмайды және ұрланбайды.
  • Сатып алушы өзінің төлем деректерін интернет-дүкеннің сайтында емес, Банк ЦентрКредит АҚ авторизациялау жүйесіне тікелей енгізеді, сондықтан сатып алушы карточкасының төлем деректемелері үшінші тұлғаларға қолжетімді болмайды.
Қаражатты қайтару
Төлем карталары арқылы онлайн-төлем жүргізу кезінде қолма-қол ақшамен қайтаруға жол берілмейді.

Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі:
  1. Тұтынушы тауарды бергенге дейін кез келген уақытта бас тартуға құқылы, тауарды бергеннен кейін бас тартуды 14 күн ішінде ресімдеу қажет;
  2. Егер оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, сондай-ақ аталған тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат сақталған жағдайда, тиісті сападағы тауарды қайтару мүмкін болады;
  3. Егер көрсетілген тауарды тек оны сатып алатын адам ғана пайдалана алатын болса, тұтынушы жеке-белгілі бір қасиеттері бар тиісті сападағы тауардан бас тартуға құқылы емес;
  4. Тұтынушы тарапынан тауардан бас тартқан кезде, сатушы тұтынушы тиісті талап қойған күннен бастап он күннен кешіктірмей тұтынушы төлеген ақшалай соманы оған қайтаруға тиіс.
Банк картасына ақшалай қаражатты қайтару үшін компанияның талабы бойынша, arunaz_atelier@mail.ru электрондық мекенжайға "ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті" толтырып және оны жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге жіберу қажет.
Ақша қаражатын қайтару компанияның "ақша қаражатын қайтару туралы өтінішті" алған күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде банк картасына жүзеге асырылады.

Қателіктермен жүргізілген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшін жазбаша өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен және қате есептен шығарылғанын растайтын чектермен/түбіртектермен өтініш жасау қажет. Осы өтінішті мына мекенжайға arunaz_atelier@mail.ru жолдау қажет.

Қайтару сомасы сатып алу сомасына тең болады. Өтінішті қарау және ақшалай қаражатты қайтару мерзімі компания өтінішті алған сәттен бастап есептеле бастайды және мереке/демалыс күндерін есептемей, тек жұмыс күндерінде есептеледі.

Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:
  • Банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, ол туралы эмитент-банкке хабарласу арқылы білуге болады;
  • Банк картасында төлеуге қаражат жеткіліксіз. Төлем картасында қаражаттың болуы туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы біле аласыз;
  • Банк картасының деректері дұрыс енгізілмеген;
  • Банк картасының мерзімі аяқталды. Картаның жарамдылық мерзімі әдетте картаның алдыңғы жағында болады(карта жарамды ай мен жыл көрсетіледі). Картаның жарамдылық мерзімі туралы толығырақ банк-эмитентке хабарласу арқылы біле аласыз.

Банктік карта арқылы төлем жасау және сайттың жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша көрсетілген телефон арқылы хабарласа аласыз
+7 (705)-777-70-59
Made on
Tilda